Кәсіпкерлерді қолдау жұмысы арта түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлерді қолдау жұмысы арта түсті

22.04.2014
Кәсіпкерлерді қолдау жұмысы арта түсті
Кәсіпкердің жолын кеспе, өрісін кеңейт. Жұмысына кедергі болма, табысын көбейт! Қазір шағын және орта бизнеспен айналысқандарға Президенттен бастап осылай қолдау көрсетуде.
 
Кәсіпкерлерге ендігі көмек Парламент депутаттарынан жететін болды. Осыған орай бүгін Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды.
 
 Енді тараптар кәсіпкерлерге қажет көмектің барлығын көрсетуге әзір. Қажет болса тиісті заңдарға түзетулер енгізеді. Кедендік одақ аясында да отандық кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға барынша атсалысады. 
 
Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің шешілмей жатқан мәселелерін терең біледі. Бірнеше жыл бойы зерттеу жүргізген. Олардың білімін сосын, біздің депутаттардың мүмкіншілігін бірге қоссақ ол іс тезірек жүзеге асады деген үмітіміз бар.
 
Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Ең үлкен идеямыз - халықтың әл-ауқатын көтеру мәселесі. Оны жасау үшін біз шағын және орта бизнеске барлық жағдайды жасауымыз қажет. Бұл халыққа жұмыс орнын жасайтын күш.
 
 
Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу