Марат Тәжинге Ресей ғылым академиясының шетелдік академигі дипломы табыс етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марат Тәжинге Ресей ғылым академиясының шетелдік академигі дипломы табыс етілді

13.06.2014
Марат Тәжинге Ресей ғылым академиясының шетелдік академигі дипломы табыс етілді
 
 
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Марат Тәжинге Ресей ғылым академиясының шетелдік академигі дипломы табыс етілді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Кеше, 26 мамырда Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Марат Тәжин Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының  құрметті шетелдік академигі атағына ие болды. Дипломды табыс ету рәсімі Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының ғимаратында өтті.
 
Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының бірінші вице-президенті Лидия Иваницкая марапаттау рәсімі барысында қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, осы үдерісте ғылымның ерекше орын алатынына назар аударды.
 
Оның пікірінше, Марат Тәжинге берілген шетелдік академик атағы, Елшінің екі ел ғалымдарының қауымдастығы арасындағы байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ доктор және академик атақтары бар казақстандық дипломаттың социология ғылымын дамытуға тигізген зор үлесінің белгісі.
 
 «Бүгінгі оқиға, біріншіден, Мемлекет басшылары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Владимир Владимирович Путин белгілейтін қазақстандық-ресейлік байланыстардың ауқымы мен тереңділігінің көрінісі. Мен осында, Елбасының Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде жақында оқыған еуразиялық ықпалдастықтың дамуына арналған дәрісі барысында айтқандай, ғалымдар қауымдастығы мен Ресей қоғамы Еуразия экономикалық одағы идеясын қолдайтынын көріп отырмын», - деп атап өтті Марат Тәжин.
 

Хабарламаларға жазылу