Қазақстан мен Ресей ғалымдары бірлесе жұмыс істемек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресей ғалымдары бірлесе жұмыс істемек

20.11.2018

Қазақстан мен Ресей ғалымдары бірігіп, жаңа жобалар бойынша жұмыс істейтін болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Марат Жұрынов пен Ресей ғылым академиясының президенті Александр Сергеев келіссөздер жүргізді. Әзірге нақты бірде-бір жоба бекітілген жоқ. Нақтылану үстінде. Дегенмен, қос елдің ғалымдары үшін бірлесе атқарар жұмыстардың мол екендігіне көз жетіп отыр.  

Александр Сергеев, Ресей ғылым академиясының президенті:

- Екі елдегі ғылым саласында мәселелер жетерлік. Ғалымдардың жұмысын жетілдіруге тұсау болып тұрған жағдайлар да жоқ емес. Мәселен, біз жобаларымызды қажетті нарыққа, халыққа жеткізу тұрғысындағы мәселелерге тап боламыз. Егер ғалымдар бірлесе жұмыс істесе, екі елге де қатысы бар мәселелерді шешу айтарлықтай жеңілдер еді.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу