Ерлан Бекхожин «Бас редакторлар клубының» президенті болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Бекхожин «Бас редакторлар клубының» президенті болып сайланды

29.12.2016
Ерлан Бекхожин «Бас редакторлар клубының» президенті болып сайланды

Бүгін «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің есеп беру - сайлау конференциясында бірлестік президенті мен басқарма мүшелерінің жаңа құрамы сайланды. Клуб президенті ретінде Қазақстан журналистикасы академиясының академигі Ерлан Бекхожин кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Бибігүл Жексенбай президенттіктен ұйымның жарғысына сай, яғни, сайлану мерзімі аяқталуына байланысты босатылды.

Сондай-ақ, Бас редакторлар клубының мүшелері бірлестіктің вице-президенттерін бірауыздан сайлады. Олардың ішінде – танымал тележурналист Бибігүл Жексенбай, «Әділет» ұлттық апталығының редакторлар кеңесінің төрағасы Мұратбек Тоқтағазин, халықаралық телевидение және радио академиясының академигі (AIATR) Арсений Дүйсенов, «Человек и Закон» газетінің бас редакторы Марат Башимов, «Украiнскi новини» республикалық газетінің бас редакторы Тарас Чернега бар.

       

Хабарламаларға жазылу