«Таңшолпан» ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздары бүгін студияда қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздары бүгін студияда қонақта

12.06.2014
«Таңшолпан» ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздары бүгін студияда қонақта
Бүгін шымылдығын түретін футболдан Әлем чемпионатына қатысты  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасы интеллектуалдық сайыс жариялағаны жөнінде бұған дейін бірнеше рет айтқан болатынбыз.
 
28-сәуірден бері бағдарлама футбол тарихынан күн сайын ақпарат беріп, көрермендерге викторина ұйымдастырды.
 
Викториналық сайысқа қатысушылар 4-маусымға дейін тікелей эфирде айтылған сауалға«Таңшолпан» бағдарламасының www.tankaz.kz сайты арқылы жауап берді.
 
Бастамаға қолдау білдіріп, белсенділік танытқан жеңімпаздар бүгін «Таңшолпан» студиясында қонақта.
 
I орынға ұсынылған Түркияға ұшақтың екі билеті (барып-қайту, бизнес-класс) 29 ұпай жинаған Ұлттық арнаның тұрақты көрермені Думан Мизамбекке табысталады.
 
26 ұпай жинап, II орын иегері атанған Аманжан Әділжановқа теледидар, 25 сұраққа дұрыс жауап беріп, ІІІ орын иеленген  Еркебұлан Толқыновқа сыйлыққа Ipad берілді.
 
Ынталандыру сыйлықтары ретінде чемпионат эмблемасы, телеарналар логотипі таңбаланған 5 футбол добы, 5 шарф, 5 орамал ойнатылды.
 
Ынталандыру сыйлығының иегерлері:
Серғазы Құдайбергенов (23 ұпай) доп, Тоқан Елеусізова (23 ұпай) доп, Абылай Нұрышов (21 ұпай) доп, Сәкен Төлегенұлы (20 ұпай) доп, Алмас Асқаров (19 ұпай) доп, Əлия Қамза (19 ұпай)шарф, Айдар К (19 ұпай) шарф, Серік Жанғалиев (18 ұпай) шарф, Мейірбек Түрешов (18 ұпай) шарф, Азамат  Беріков (18 ұпай) шарф, Алтай Сағидуллаев (18 ұпай) орамал, Мұқағали Қобыландыұлы, (18 ұпай) орамал, Жанболат    Сейпулов (17 ұпай) орамал, Жаңабек Сейтімов (17 ұпай) орамал, Баймахан Стықұл (17 ұпай) орамал, Рүстем Жахин (17 ұпай) орамал.
 
Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарды құттықтаймыз!
 
Дүбірлі доданың ашылу салтанатын бүгін, Астана уақытымен, сағат 24.00-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу