Қызылордалық 5 оқушы АҚШ-та 1 жыл оқу мүмкіндігіне ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық 5 оқушы АҚШ-та 1 жыл оқу мүмкіндігіне ие болды

12.06.2014
Қызылордалық 5 оқушы АҚШ-та 1 жыл оқу мүмкіндігіне ие болды
 
 Биылғы жылы «FLEX/ACCELS», бағдарламасы аясында қызылордалық «Мұрагер» дарынды балалар мектебінің 5 оқушысы Америка құрама Штаттарында  1 жыл оқу мүмкіндігіне ие болды – деп хабарлайды Kazinform халықаралық ақпараттық агенттігі
 
АҚШ  Конгресі бекіткен бағдарлама жоғары сынып оқушыларының тәжірибе алмасуына жағдай жасайды. Бағдарлама грантын жеңіп алған оқушылар сол елде бір жыл тұрып білімдерін шыңдайды.
 
1995 жылдан бері «Мұрагер» дарынды балалар мектебінен мұхит асып 78 оқушы болып қайтты.      Жолдаманы жеңіп алған Анел Тілеген, Айқаракөз Әбжан,  Яна Третьякова,  Виктор Ким және Лоберт Ли өз ұстаздарына шексіз алғыстарын жеткізуде. Олар сондай-ақ, білімдерін жетілдіріп елге оралған соң, жинаған тәжірибелерін Қазақстанның дамуына арнамақ, делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу