Жастар саясатын жүзеге асыруға биыл 1,5 миллиард теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар саясатын жүзеге асыруға биыл 1,5 миллиард теңге бөлінді

10.06.2014
Жастар саясатын жүзеге асыруға биыл 1,5 миллиард теңге бөлінді
Ағымдағы жылы елімізде жастар саясатын жүзеге асыруға 1,5 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР БҒМ Жастар ісі комитетінің төрайымы Роза Кәрібжанова мәлімдеді.
 
«Республикалық бюджетте мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 1,5 миллиард теңге, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға 500 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылған», - деді ол.
 
Оның атап өтуінше, бұл салада әлі де болса бірқатар кемшіліктер бар. Мәселен, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік жастар саясатын қаржыландырудағы сала аралық ұстанымның даму деңгейі төмен болып отыр. 

Роза Кәрібжанованың айтуынша, қазір еліміздегі жастардың жалпы саны 4,3 миллионды құрайды. Оның 2,2 миллионы жұмыс істесе, білім алып жатқандардың саны - 1,9 миллион.  Ал, жұмыссыздар саны - 117 мың.
 
ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу