«Жыл үздігі – 2019» жастар сыйлығы табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жыл үздігі – 2019» жастар сыйлығы табысталды

13.12.2019

Жастар — таусылмас күш пен сарқылмас қайраттың көзі. Батыс Қазақстанда ұлық мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында дәстүрлі «Жыл үздігі – 2019» жастар сыйлығы өз иелерін тапты. Елдің әлеуметтік-саяси өмірі мен қоғамдағы қым-қуыт тірлікке белсене араласқан көшбасшылар, әр саланың майталмандары 12 аталым бойынша марапатталды. Әрбірі ізгі бастамаға ұйытқы болған. Дені – аудан-ауыл жастары.

Биыл жастар саясатын іске асыруға 3 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржы жұмыспен қамту, білім алу, бос уақытты тиімді ұйымдастыруға жұмсалыпты. Президент пәрменімен елдің ірі қалаларында 9000 пәтер беру туралы шешім шықты. Жалға алу құны айына 15 мың теңге. Бұл жоба Оралда да жүзеге асады.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу