Келер жылы ТҮКШ жаңғыртуға 90 миллиард теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылы ТҮКШ жаңғыртуға 90 миллиард теңге бөлінеді

12.11.2015
Келер жылы ТҮКШ жаңғыртуға 90 миллиард теңге бөлінеді
Халықаралық қаржы ұйымдары да бағдарламаны жүзеге асыруға тартылады.

Елімізде тұрғын үйлерді жаңғыртуға қомақты қаржы бөлінбек. Бұл туралы бүгін «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығының» төрағасы Сергей Шайжүнісов мәлімдеді.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша, биыл осы салаға 60 миллиард теңге қарастырылса, 2016 жылы бұл сома 90 миллиардқа көбейеді. Ал, одан кейінгі кезеңде көпқабатты үйлерді бастан аяқ жөндеуге жыл сайын 100 миллиард теңге бөлінеді.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу