Динара Сәдуақасова Астанада жас шахматшылармен жарыс өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Динара Сәдуақасова Астанада жас шахматшылармен жарыс өткізді

10.06.2014
Динара Сәдуақасова Астанада жас шахматшылармен жарыс өткізді
Астанада Х.Омаров атындағы шахмат клубында екі дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасовамен бірге бір уақыттық ойын кезеңі өтті, деп хабарлайды astana.kz.
 
Астана қаласының шахмат мектебінің шәкірті жақында командалық Азия Кубогынан оралды. Спортшы шахматты насихаттау және өзінен кіші спортшылардың дәрежесін көтеру мақсатында осындай жарыстарды жиі өткізеді. Динара бір уақытта 11 тақтада С.Әбдіғалиев пен Б.Нұғыманов сынды жаттықтырушылардың шәкірттерімен ойнады.
 
Айта кетейік, Тебризде (Иран) өткен Азия кубогында Динара Қазақстанның әйелдер құрамасымен бірге блицтен қола жүлдеге қол жеткізді.

Хабарламаларға жазылу