Олимпиада-2022 Алматы қаласында өтуі мүмкін
Олимпиада-2022 Алматы қаласында өтуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге үміткер Алматының ең басты бәсекелесі- Норвегияның Осло қаласы күзде өз кандидатурасын алып тастады.
Егер, Осло ресми түрде Олимпиада ойындарын қабылдауға үміткерлер қатарынан шығып қалатын болса, онда бұл байрақты бәсекені қабылдауға үш үміткер қалады. Олар - Алматы, Львов және Бейжің.
Украинадағы саяси жағдайдың тұрақсыздығына байланысты Львов қаласының мүмкіндігі өте төмен. Бұл қала да алдағы уақытта бәсекеден бас тартуы мүмкін.
Қытай астанасы 2008 жылы жазғы Олимпиада ойындарын қабылдағанын ескеретін болсақ, Халықаралық Олимпиада комитеті бұл елге қысқы ойындарды өткізу құқығын бермеуі де мүмкін. Сондықтан да 2022 жылғы қысқы ойындарды қабылдауға Алматының мүмкіндігі мол. Оның үстіне ХОК-тың тапсырыс беру құжаттарының қорытындысы бойынша оңтүстік астанамыз қарсыластарынан едәуір жоғары тұр.
2022 жылғы Олимпиада ойындарын қабылдайтын қала 2015 жылы 31 шілдесінде белгілі болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай облысында 1 шақырымнан астам аумақ тазартылды
16.04.2026, 20:28
Сенек ауылында құм көшкінін тоқтату үшін 5 мыңға жуық сексеуіл мен жүзген егілді
16.04.2026, 20:26
Семейде жылу орталығының құрылысы басталды
16.04.2026, 20:24
Түркияда халықаралық парламент ассамблеясының 152-отырысы өтіп жатыр
16.04.2026, 20:22
«Әділет» партиясы тіркелу үшін Әділет министрлігіне құжат өткізді
16.04.2026, 20:21
Сыртқы істер министрлігі қажылыққа баратын Қазақстан азаматтарына ескерту жасады
16.04.2026, 20:20
Таяу Шығыстағы соңғы ахуал
16.04.2026, 20:17
Дүниежүзілік банк Қазақстанның экономикалық бастамаларын қолдауға дайын
16.04.2026, 20:17