Болат Жәмiшев: 300 мың гектардан астам жер шетелдiктерге жалға берiлген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болат Жәмiшев: 300 мың гектардан астам жер шетелдiктерге жалға берiлген

03.06.2014
Болат Жәмiшев: 300 мың гектардан астам жер шетелдiктерге жалға берiлген
Шетелдiктерге жалға берiлген жердiң жалпы көлемi - 313 мың гектарға жуық. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Өңiрлiк даму министрi Болат Жәмiшев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Министрдің айтуынша, шетелдiк компанияларға, жеке тұлғаларға жалға берiлетiн жертелiмдерi жобаның өзiн-өзi ақтау мерзiмiне дейiн берiледi. Қазiргi уақытта ол 10 жыл мерзiмге дейiн шектетiлген.
 
«Шетелдiктерге және шетел иелiгiне тиесiлi компанияларға 313 мың гектар жер ауыл шаруашылық мақсаттар үшiн жалға берiлген. Ендiгi кезекте олар 10 жылдан астам уақытқа ұзартылады. Тек жобаға инвестиция салу талабы орындалғанда ғана 10 жылдан аса мерзiмге ұзартылады. Басқа жағдайда 10 жылдан көп мерзiмге берiледi. Бұл айтып отырғанымыз ауыл шаруашылық мақсаттарына арналған жерлер», - дедi Б.Жәмiшев

Хабарламаларға жазылу