Венесуэлада әлемдегі ең ұзын аспалы жол ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэлада әлемдегі ең ұзын аспалы жол ашылды

02.06.2014
Венесуэлада әлемдегі ең ұзын аспалы жол ашылды
Боливия президенті Эво Моралес әлемдегі ең ұзын және биік аспалы жолды салтанатпен ашты, деп хабарлады Ассошэйтед Пресс. Енді әуедегі аспалы жолдың кабинасында Ла-Пас және Эль-Альто қалаларының арасында жолаушылар тасымалданады. Бір адамға билет құны - үш боливиано (43 цент).
 
Австриялық компания 234 миллион долларға салған бұл аспалы жол теңіз деңгейінен 3200 және 4000 метр биікте. Анд таулары тізбегіндегі Ла-Пас және Эль-Альто қалаларын жалғастырады. Жаңа аспалы желі жолаушыларды соңғы станцияға дейін 10 минуттің ішінде жеткізеді. Бұрын бұл қалалардың тұрғындары екі ортаға  жарты сағаттан астам уақыт жоғалтатын еді. Бұл сапар Боливиядағы ең биік (6462 метр) Ильимани қарлы шыңдарының баурайымен өтеді.
 
«Бұл біз үшін үлкен қуаныш, аспалы жол ақырында ашылды», - деп жылы лебізін білдірді президент Моралес Ла-Паста оның ашылуында сөйлеген сөзінде. Желінің ұзындығы 10 шақырым, ол теңіз деңгейінен 3660 метр биіктікте.
 
Аспалы жол  сағатына 18 мың адамға қызмет көрсетеді.
 
ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу