1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Алматыда әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 200-ден астам бала әуе шарымен аспанға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шара мақсаты - балаларға ерекше қуаныш сыйлау.
«Бүгін 7-12 жас аралығындағы балалар ешбір қорықпастан әуе шарымен көкке көтерілді. Тіпті 5 жастағы балалар да ұшуға ниет білдірді. Оларға да рұқсат бердік. Бұл балаларға ерекше әсер сыйлады. Одан басқа, біз саябақта 4 жасқа дейінгі балаларға арнап, алып батут орнаттық», - дейді шараны ұйымдастырушы «Қазпошта» АҚ баспасөз хатшысы Людмила Шустова.