Әлемнің сұранысқа ие спортшыларының ТОП-50 рейтингінде Головкин Роналдудан озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің сұранысқа ие спортшыларының ТОП-50 рейтингінде Головкин Роналдудан озды

08.06.2016
Әлемнің сұранысқа ие спортшыларының ТОП-50 рейтингінде Головкин Роналдудан озды

Британиялық SportsPro журналы маркетинг тұрғысында әлемдегі сұранысқа ие үздік 50 спортшы рейтингін жаңартып шығарды, деп хабарлады Sports.kz.

ТОП-50 рейтингінде «Голден Стейт Уорриорз» ойыншысы Стефен Карри бастады, екінші орында «Ювентустың» жартылай қорғаушысы Полю Погба, үздік үштікті үндістандық крикет ойыншысы Вират Коли тұйықтады.

WBA/IBF/WBC/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 29-шы орында.  Атап өту керек, мадридтік «Реал» ойыншысы Криштиану Роналду 35-ші орынға ие болды. 

Басылым хабарлағандай, рейтингте 21 ел мен спорттың 20 түрінің өкілі бар. 

Хабарламаларға жазылу