Ресейлік саяхатшы Тынық мұхитын жүзіп өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейлік саяхатшы Тынық мұхитын жүзіп өтті

31.05.2014
Ресейлік саяхатшы Тынық мұхитын жүзіп өтті
Ресейлік саяхатшы Федор Конюхов өзінің ескекпен жасаған кезекті сапарын аяқтады. Осылайша,  Австралия жағалауына жетті. Ол Тынық мұхитын бірде-бір портқа бармай және ешкімнің көмегінсіз жүзіп өтті.
 
Конюхов бұл сапарын өткен жылдың 22 желтоқсанында Конкон (Чили) портынан бастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Саяхатшы 17 мыңнан астам шақырымды жүзіп өтіп, Мулулаба қалашығына (Австралияның Квинсленд штаты) тоқтады.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу