Қазақстан - әлемде бірінші болуға ұмтылған ел - Юрий Бочаров - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан - әлемде бірінші болуға ұмтылған ел - Юрий Бочаров

29.05.2014
Қазақстан - әлемде бірінші болуға ұмтылған ел. Жоғарғы Еуразиялық кеңес отырысынақатысты өткен ОКҚ брифингінде Израиль инфрақұрылым министрлігінің аға үйлестірушісі, саясаттанушы Юрий Бочаров осылай деді.
 
«Мен Қазақстандағы саяси жағдайларды үнемі бақылап отырамын.  Үш елдің бір экономикалық одаққа бірігуі -  қосымша қадамдар жасауға мүмкіндік береді.  
 
Экономикалық және саяси тәуелсіз болу - әр елдің мүмкіндігі мен президенттің саясатына байланысты. Мен осы брифинг алдында ғана Астананың болашақ даму жоспарымен таныстым. Президенттеріңіздің мақсаты - әлемде көш басында болу екені көрініп тұр. Бұған елдеріңіздің де, Елбасыларыңыздың да мүмкіндігі жетеді», - деді израильдік саясаттанушы.
 

Хабарламаларға жазылу