Ең танымал футболшы - Криштиану Роналду - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ең танымал футболшы - Криштиану Роналду

29.05.2014
Ең танымал футболшы - Криштиану Роналду
Португалия құрамасы мен мадридтік «Реалдың» футболшысы Криштиану Роналду спорттық маркетинг саласында жаһандық зерттеу жүргізетін Repucom компаниясының тұжырымы бойынша ең танымал футболшы атанды.
 
Ұйымның мәліметінше, әлемнің 83,9 пайызы Криштиану Роналду таниды екен. Ал Италия, Испания, Германия, Түркия және Аргенина елдерінде тұрғындардың 95 пайызына белгілі.
 
Екінші орында Аргетина құрамасы және каталондық «Барселона» клубының ойыншысы Лионель Месси тұр. Оны әлем халқының 76,1 пайызы біледі. Ал үшінші орынды Мессидің клубтасы Жерар Пике иеленді. Сауалнамаға қатысқандардың 58 пайызы оны таниды.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу