АҚШ: 99 жастағы әже колледж бітірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ: 99 жастағы әже колледж бітірді

26.05.2014
АҚШ: 99 жастағы әже колледж бітірді
АҚШ-тың Мэн штатының 99 жастағы тұрғыны Джесси Уайт колледжді 75 жылдан кейін аяқтады, деп хабарлады ҚазАқпарат Associated Press-ке сілтеме жасап. Ол стенография және есеп жүргізу бойынша диплом алды.
 
Жалпы, оның оқу орнын уақытында бітіріп шығуына 1939 жылы 5 доллар баж салығын төлемеуі кедергі болған.
 
Джесси Уайт Бангоре қаласындағы Бил колледжінде білім алғаны жөніндегі құжатты алу шарасына қатысты.
 
«Ешқашан оқуды тоқтатпаңдар. Білім алуды тоқтатқанда, адам қартаяды деген сөз бар. Сол себепті, мен оқуды тоқтатпаймын», - дейді әжей.
 

Хабарламаларға жазылу