Қызылордада Сырдарияға құлап кеткен зейнеткер құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада Сырдарияға құлап кеткен зейнеткер құтқарылды

09.06.2022

Абырой болғанда жақын маңда сүңгуірлердің оқу-жаттығуы өтіп жатқан. 80 жастағы әже күндегі әдетімен дарияға балық аулауға келген. Бөгет етегінде өсіп тұрған тікен шөпті жұламын деп суға қарай ауып кеткен.

Адам бойламайтын терең жерде жан алысып жатқанын көрген сүңгуірлер Бағдат Әлжанов пен Еркебұлан Оразбеков дереу көмекке келіп, кейуананың өмірін арашалап қалды.

Жалпы жыл басынан бері жергілікті құтқарушылар 2 адамды құтқарған. Дегенмен қайғылы жағдайлар да азаймай тұр. 12 адам суға кетсе, соның бесеуі бала. 

Хабарламаларға жазылу