Елордада электромобильдерге арналған қуат станциялары күн батареяларымен жабдықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада электромобильдерге арналған қуат станциялары күн батареяларымен жабдықталады

06.11.2014
Елордада электромобильдерге арналған қуат станциялары күн батареяларымен жабдықталады

Астанада электромобильдерге арналған қуат станциялары құрылысының инвестициялық жобасын әзірлеу қолға алынды. Бастапқы кезде қуат беру станциялары тегін болады. Жобаның "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС жүзеге асырады, деп хабарлайды Астана әкімдігі сайты.

Электромобильдерге арналған қуат станцияларының құрылысы Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі мен Астана қаласын ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындық аясында жүргізіледі. Жалпы, жекелеген үш «Жасыл ЖҚС» салу және бүгінде жұмыс істеп тұрған сегіз «ҚазМұнайГаз» жанармай құю станциясында электромобильдерге арналған 11 қуат беру станциясын орнату көзделген.

Жобалаушылардың жоспарына сәйкес, станциялар автономды жұмыс істейді, олар жергілікті электр желілерінен тәуелсіз болады.

"Жобада тиімділікті арттыру мен автомобиль станцияларына өндірілетін «жасыл» электр энергиясының статусына толық сай болу үшін күн сәулелерінің әсерінен электр энергиясын генерациялайтын ЖҚС фотоэлектр модульдерін орнату қарастырылған", - деп хабарлады компаниядан.

Пилоттық жоба аясында электромобильдерге қуат беру станциялары тек Астанада ғана ашылмақ, кейіннен еліміздің басқа қалаларында да салу мәселесі қаралатын болады.

Хабарламаларға жазылу