Кеше VII Астана экономикалық форумы аясында Астана әкімдігі мен «Кока-Кола Алматы Боттлерс» компаниясының басшылығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Келісмшарт индустриялық-инновациялық жобаларды, оның ішінде, алкогольсіз ішімдік шығаратын зауыт құрылысын қолдау мақсатында жасалды.
Мұндай келісім қосымша жұмыс орнын жасау мен жергілікті экономиканы дамытуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, экономикалық форум аясында «Астаналық экономикалық ғалымдар клубы» қауымдастығы, «Жасыл» экономика және G-Global дамуы үшін» коалициясы және «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы арасында меморандумға қол қойылды.