Кәсіпорындарда жұмыс орындары қысқармайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпорындарда жұмыс орындары қысқармайды

04.02.2016
Кәсіпорындарда жұмыс орындары қысқармайды
Бүгін Көкшетауда Ақмола облысының әкімдігі мен аймақтың ірі кәсіпорындары және кәсіподақ федерациясы үшжақты меморандумға қол қойды.

Бүгін Көкшетауда Ақмола облысының әкімдігі мен аймақтың ірі кәсіпорындары және кәсіподақ федерациясы үш жақты меморандумға қол қойды. Құжат өндірістің тұрақтылығы мен жұмыс орындарының сақталуын көздейді.

Бұл - кәсіпорындардың өздеріне алып отырған міндеттері. Ал жергілікті атқарушы билік өндіріс ошақтарының өнімдеріне сұраныс болуына ықпал жасайды.

Облыс әкімдігі, Кәсіпорындар мен кәсіподақ федерациясы барлығы 18 келісімге қол қойды. Меморандумның іске асуын кәсіподақтар қадағалайды. Өндіріс ошақтарының жетекшілері де барлық талапты орындауға уәде етті.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу