Мамырдың 19 күні Өзбекстанның Навои қаласында Әйтеке бидің 370 жылдығына орай және қазақ-өзбек достығына арналған халықаралық айтыс өтті. Бас жүлдені Біржан Байтуов жеңіп алды, деп хабарлайды kazaitys.kz.
Айта кетейік, айтыс Фархат сарайында өтті. Бас жүлдені Біржан Байтуов қанжығаласа, бірінші орынды Карима Оралова мен Қажымұқан Абзалов бөлісті. Екінші орынды Алик Бекмусаев пен Құлмахан Дүйсенов (Ташкент) иеленсе, үшінші орынды Жандарбек Қайырбек (Ташкент) пен Жамбол Көпбосынов қанағат тұтты.
Еске сала кетейік, Өзбекстан Республикасы, Навой облысы, Нұрата елді мекенінде Кіші жүздің биі - Әйтеке бидің кесенесі орнатылған.