Жүрсін Ерман: Айтыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басында тұрған дүние - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүрсін Ерман: Айтыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басында тұрған дүние

18.09.2018

Айтыс - ел қазынасы, халық мұрасы. Алматы қаласында «Алатауым-алтын ұям» атты айтыс өтті. Айтысқа көп арасынан топ жарған 20 ақын қатысты. Додада топ жарып, бас жүлдені Төлеген Жаманов ұтып алды. Осыған орай Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының төрағасы Жүрсін Ерман, айтыскер-ақын Төлеген Жаманов «Таңшолпанның» төрінде қонақта болды.

 

«Айтыс Алматы қаласы күнінің аясында ұйымдастырылды. 270 мың тұрғыны бар Алатау ауданының Алатау дәстүрлі театрында өтті. Жалпы ауданның дамуы жаман емес. Рухы биік, тамаша айтыс болды. Мұндай айтысты көрген де, көрмеген де арманда.

 

Төлеген талай бас бәйге алып жүрген жігіт. Қазылар да, халық та риза болды. Арзан қалжың айтатын адам емес, байыппен сөйлейтін жігіт. Айтыста ауылдың мәселелерін қозғады. Төлеген Қарағанды облысының Жаңарарқа ауданының тумасы.

 

Жылқы тұқымын дамытумен айналысатын кәсіпкер жігіт. Сондықтан, ауыл шаруашылығына, ауыл жағдайына  қатысты барлық мәселелерді біледі. Алдағы бір-екі айда көп айтыс болады. Мысалы, келесі айдың басында Қостанай облысында айтыс өтеді. Одан кейін Атырауда, Астанада өткізу жоспарда бар. Айтыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басында тұрған дүние. Жалпы, айтыс заманға сай бейімделуі керек», - дейді Жүрсін Ерман.

 

«Алматы ұлттық университетінің тарих факультетін бітіргенмін. Сол кезде алғаш айтысқа қатысқаным бар еді. Одан кейін елге қайттым. Бауырлар, әлеуметтік мәселелер бар дегендей. Содан шыға алмай қалдым. Бірақ, айтыстарға шақырту алып жүрдім. Қолым тигенде табиғатыма, болмысыма, ішкі дүниеме, айтыстың тақырыбына сай қатысуға тырысамын», - дейді Төлеген ақын.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу