34 мыңнан астам бiлiм гранты бөлiндi - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

34 мыңнан астам бiлiм гранты бөлiндi

19.05.2014
34 мыңнан астам бiлiм гранты бөлiндi
Мемлекет 2014-2015 оқу жылына жоғары бiлiм алуға 34 мыңнан астам грант бөлдi. ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң баспасөз қызметi хабарлайды, деп мәлімдеді ҚазАқпарат.

ҚР БҒМ ақпараты бойынша, биылғы жылы мемлекеттiк тапсырыс Қазақстан экономикасының сұранысына мейлiнше сай жасалды.

«Негiзгi көңiл елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарына аударылды. Бұл, ең алдымен, Мемлекет басшысы жария еткен үдемелi индустрияландыру бағыты. Бiлiм беру саласын жаңғырту мақсатында мемлекеттiк тапсырыстың iшiнде педагогикалық мамандарды даярлауға да үлкен орын берiлген. Сонымен қатар елдiң агроөнеркәсiптiк кешенi де назардан тыс қалған жоқ», - деп атап өтті мекемедегілер.

«Жалпы 2014-2015 оқу жылында жоғары бiлiмдi мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысқа 34 115 бiлiм гранты бөлiндi», - дейдi министрлiктің бапасөз қызметі.

Министрлiктiң мәлiметi бойынша, 12 мың орын техникалық ғылым және технологиялық мамандықтарға, 5 мыңнан астам грант - педагогикалық мамандықтарға, 2650 орын ауыл шаруашылық және ветеринарлық салаларға бөлiнiп отыр.

Хабарламаларға жазылу