Қазақстанда бiлiм гранттарын тағайындау туралы комиссия отырысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда бiлiм гранттарын тағайындау туралы комиссия отырысы басталды

05.08.2014
Қазақстанда бiлiм гранттарын тағайындау туралы комиссия отырысы басталды

Астанада ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Бiлiм гранттарын тағайындау жөнiндегi республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын бастады.

Комиссия құрамына мемлекеттiк органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының өкiлдерi, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, Қазақстанның азаматтық альянсы және жоғары оқу орындарының ректорлары енгiзiлген.

Жалпы 2014-2015 оқу жылында 34 165 грант бөлінсе, оның iшiнде 2 530 орын ЖОО даярлық бөлiмдерiне, 31 635 грант 1-курсқа түсетiндер үшiн.

Сондай-ақ, колледждердi бiтiргендердi қолдау мақсатында қысқартылған оқу түрiне 2 875 грант бөлінді.

Биыл конкурсқа 69 624 талапкер қатысуда. Олардың ішінде 1 732 «Алтын белгi» иегерлерi, 322 Назарбаев зияткерлiк мектебiнiң түлектерi, 179 жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңiмпаздары, 921 жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жұмыстардың жеңiмпаздары, 891 республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңiмпаздары бар.

ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Тахир Балықбаевтың айтуынша, «олар бiлiм грантын тағайындау барысында басым құқықтарға ие».

Барлық берiлген құжаттар белгiленген тәртiппен қарастырылатын болады. Конкурстық iрiктеудiң процедурасы толықтай автоматтандырылған. Қорытындысы БАҚ беттерiнде жарияланады.

 

Хабарламаларға жазылу