Германияда арнайы органдардың аңдуынан қорғайтын «Lavaboom» атты электронды пошта пайда болды, деп хабарлайды РИА Новости.
«Lavaboom» автор және хабарламаны алушы ғана оқи алатын құпия хабарламалар жібере алады. «Егер сіз құпияланбаған мәтін жіберсеңіз, пошта ашықхатын жіберген боласыз. Ондағы мәтін иесіне жеткенше мың рет оқылады. Ал біз ашықхат емес, конвертке салынған хат жібереміз»,-делінген компанияның сайтында.
Қазір пошталық клиентті жүктеп алуға арналған шақыру алу үшін тіркелу жүйесі іске қосылған. Пайдаланушыларға құпияланған хатты ашу үшін екі криптографиялық кілт беріледі. «Lavaboom» инвайттарды тарату жұмысын сәуірдің соңына қарай бастамақ ниетте.
Тегін нұсқасында ақпаратты сақтауға арналған 250 Мб болады. Бұл шамамен 1000 хатқа жетеді. Ай сайын 8 евро төленетін премиум-аккаунттың жады 1 Гбайт және қорғаныс жүйесі сенімдірек болады.
«Біздің сервис информаторларға, белсенділерге, журналистерге, заңды тұлғаларға, сондай-ақ, қарапайым адамдарға арналған. Бұл жүйенің қарапайымдылығы сол, кез келген адамның поштасын қауіпсіз етеді»,-дейді «Lavaboom»-ды құрастырушылар.
Мұның алдында дәл осындай қызметті Lavabit сервисі де ұсынған болатын. Алайда, ол 2013 жылдың тамыз айында жабылып қалды. Оған сервис пайдаланушыларының бірі Эдвард Сноуденнің АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік агенттігінің құпия материалдарын жариялауы себеп болды.