Оңтүстік Корея жағалауында суға батқан «Севол» кемесінің бортындағы жолаушының әкесі баласынан SMS алған, деп хабарлайды «РИА Новости».
Баланың SMS-інде: «Мен тірімін, тірі қалғандардың көбі – мектеп оқушылары, бізге тезірек көмектесіңдер», - деп жазылған. Хабарлама жергілікті уақыт бойынша, 07:30-да келген.
Апат салдарынан жоғалған адамдар саны 290-ға жеткен. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары жолаушылардың кейбірі кеме бөлмелерінде қалып қоюы мүмкін деген болжам айтқан еді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Оңтүстік Корея жағалауында «Севол» кемесі жартасқа соғылып, суға батып кетті. Кеме бортында 459 адам болған. Олардың көбі - Чеджуо аралына экскурсияға аттанған оқушылар мен мұғалімдер.