Ливия үкіметі Триполиге түркиялық кеменің келгенін жоққа шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливия үкіметі Триполиге түркиялық кеменің келгенін жоққа шығарды

19.02.2020

Ливияның БҰҰ мойындаған үкіметі ел астанасы Триполиге түркиялық кеменің келгенін жоққа шығарды. Алайда, оның Порттар ісі жөніндегі дирекциясының мәлімдеуінше, елдің шығысын басып алған Халифа Хафтар күштері жағалауда коммерциялық кемелерге 4 ракета жіберіп, оларға тиелген тауарларды өртеп жіберген. Осы оқиғадан кейін билік Хафтармен бейбіт келіссөз жүргізуден бас тартты. 

Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің телеарналары болса, Триполи порты жағалауында Ливияға қару-жарақ пен оқ-дәрі апарған түрік кемесінің бомбаланып, суға батып кеткенін хабарлады. 

Айта кетсек, Ливияда былтыр сәуірден бері билік үшін соғыс жүріп жатыр. Бұл жанжалда Түркия үкімет жағында, ал Ресей Хафтарды қолдап отыр. 

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу