«Malaysian Airlines» әуекомпаниясы MH370 бағдарындағы ұшағы жоғалып кеткеннен кейін рекордтық шығынға батқанын жария етті.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы компанияның таза шығыны 59 пайызға өсіп, 138 миллион долларға жеткен. Ал өткен жылғы дәл осы кезеңдегі бұл көрсеткіш 86,4 миллион долларды құраған еді.
Компания таратқан ақпаратқа қарағанда, әуе көлігі жоғалып кеткеннен кейін ұзақ қашықтыққа брондалған билеттердің басым бөлігінен бас тартылған.
|