БАҚ саласындағы президенттік сыйлықтар мен гранттарға ұсыныстар қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ саласындағы президенттік сыйлықтар мен гранттарға ұсыныстар қабылдау басталды

14.05.2014
БАҚ саласындағы президенттік сыйлықтар мен гранттарға ұсыныстар қабылдау басталды
 
Мемлекет басшысының 2014 жылғы БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттарын, сондай-ақАлғыс хатын алуға үміткерлерден ұсыныстар қабылдау басталды, деп  хабарлайды Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
 
«Сыйлықтар мен гранттар алуға үміткерлерді бұқаралық ақпарат құралдары, шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар ұсына алады. Алғыс жариялауға шығармашылық ұжымдарды шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар ұсына алады», - делінген хабарламада. 

Әрбір бұқаралық ақпарат құралы, шығармашылық одақ, қоғамдық бірлестік, мемлекеттік орган сыйлықтар мен гранттар алуға екі үміткер ғана ұсынуға құқылы.

Хабарламаларға жазылу