Археологтар Колумб кемесінің сынықтарын тапқанын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Археологтар Колумб кемесінің сынықтарын тапқанын мәлімдеді

14.05.2014
Археологтар Колумб кемесінің сынықтарын тапқанын мәлімдеді
Америкалық археологтар Кариб теңізінің түбінен өзгеше сынықтар тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ғалымдардың болжамынша, Гаитидің солтүстік жағалауынан табылған бұл сынықтар Христофор Колумб Американы ашқан бұрынғы «Санта-Мария» кемесі болуы мүмкін.
 
Зерттеуші Барри Клиффорд: «Географиялық, археологиялық, топографиялық айғақтардың барлығы Колумб кемесінің сынықтарын тапқанымызға дәлел»,-дейді.
 
Бағалы сынықтар тапқан экспедиция Гаити үкіметімен бірлесіп ұйымдастырылды. Енді жұмыс қыза түспек, алда егжей-тегжейлі археологиялық қазбалар күтіп тұр, деп хабарлады Informing. «Санта-Мария» үш діңгекті, бір палубалы болған. 1492 жылы Христофор Колумб осы кемемен Американы ашты. Оған 40 адамға сыятын болған. Кеме 1492 жылы су жартастарына соқтығысып, апатқа ұшыраған-ды.

Хабарламаларға жазылу