Семейде құрылыс кезінде көне ғасыр қорғандары табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде құрылыс кезінде көне ғасыр қорғандары табылды

03.11.2020

Семейде құрылыс жүргізіп жатқан жерден көне ғасыр қорғандары табылды. Жерді қазу кезінде құрылысшылар қыш құмыралардың сынықтарын байқап, хабар берген. Археологтар көне қорғандар біздің заманымызға дейінгі 3-4 ғасырға тиесілі болы мүмкін деген болжам жасап отыр. Қазір қолда бары қыш ыдыстардың сынықтары мен малдың сүйектері ғана. Ал ағаштан жасалған қорғандардың 95 проценті ауыр техникамен сүріліп кеткен. Тарихшылар қалай болғанда табылған жәдігерлер Семей қаласының тарихы нақты қай жылдардан басталатындығын анықтауға септігін тигізеді деп отыр.

Айдын Жүнісханов, археолог:  
-Осы арқылы біз Семей қаласының тарихи хронологиясын анықтап келе жатырмыз. Соның ішінде нақты ерте темір дәуірінде өмір сүрген адамдар туралы мәліметтер болмайтын. Мына арадан табылған қорған сол бір ақтаңдақтың орнын толтыруға үлкен септесетін жаңалықтардың бірі.  


Семей қорған

Хабарламаларға жазылу