Боксшыларымыз бірнеше жарысқа қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боксшыларымыз бірнеше жарысқа қатысады

12.05.2014
Боксшыларымыз бірнеше жарысқа қатысады
Бір топ боксшы  Хабаровскіге,  Кеңес одағының батыры Константин Коротковты еске алуға арналған турнирге аттанды (13-18 мамыр). Бас бапкер Мырзағали Айтжанов бастаған спортшылар он салмақ дәрежесінде сынға түседі.
Олар:
49 келі – Жомарт Ержан (ҚЧ финалисі, 2013)
52 келі – Әділет Құрметов (ҚЧ жеңімпазы, 2013)
56 келі – Ержан Ордабаев (ҚЧ жеңімпазы, 2013)
60 келі – Дархан Жұмсақбаев (ҚЧ финалисі, 2013)
64 келі – Айдар Әмірзақов ( Азия чемпионы, 2011)
69 келі – Сағадат Рахманқұлов (ҚЧ жеңімпазы, 2013)
75 келі - Жәнібек Әлімханұлы (Әлем чемпионы, 2013)
81 келі – Дәурен Елеусінов (ҚЧ финалисі, 2013)
91 келі – Антон Пинчук (ҚЧ жеңімпазы, 2013)
+91 келі – Нұржан Бекзатов (ҚЧ финалисі, 2013)
 
Хабаровск шаршы алаңында біздің боксшылар Ресей, Әзірбайжан, Армения, Венгрия, Германия, Үндістан, Солтүстік Корея, Латвия, Молдова, Польша, Беларусь, Оңтүстік Корея, Тәжікстан, Тайланд, Өзбекстан, Украина, Филиппин және Франция былғары қолғап шеберлерімен жекпе-жекке шығады.
 
Осы уақыт аралығында Ташкентте Сидней Джаксон мемориалы өтеді. Аталған бәсекеде бес боксшымызға ел намысын қорғау міндеті жүктеліп отыр.  
Олар:
60 келі – Зәкір Сафиуллин (ҚЧ жеңімпазы, 2013)
69 келі – Алмасбек Орынғалиев (ҚЧ финалисі, 2013)
75 келі – Сапарбай Айдаров (ҚЧ жеңімпазы, 2013)
81 келі – Нұрдәулет Жарманов (ҚЧ жеңімпазы, 2013)
+91 келі - Иван Дычко (ОИ мен ӘЧ жүлдегері)
 
Өзбекстан астанасына жігіттерді аға бапкер Нұрғали Сафиуллин бастап барады. Ташкентте өтетін байрақты бәсекеде  біздің спортшылардан бөлек, Ресей, Иран, Армения, Қырғызстан, Қытай, Түркіменстан, Әзірбайжан, Түркия және Өзбекстанның боксшылары бақ сынайды.
 
15-19 мамыр аралығында Албанияның Шкодер қаласында Влазнианы еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді. Бұл сында тағы да бес боксшымыз шаршы алаңға шығады.
Олар:
49 келі – Біржан Жақыпов (Әлем чемпионы, 2013)
52 келі – Ерлан Тәмемов (ҚЧ қола жүлдегері, 2013)
56 келі – Жанболат Тілегенұлы (ҚЧ финалисі, 2013)
64 келі – Алмасбек Шымбергенов (ҚЧ финалисі, 2013)
91 келі - Алексей Севостьянов (ҚЧ қола жүлдегері, 2013)
Албанияда біздің құрамаға аға бапкер Александр Стрельников бас-көз болады.
 
Мамырдағы жарыстар тізбегін Германияда өтетін Галле турнирі тәмамдайды. 26 мамыр мен 1 маусым аралығында өтетін, «Chemistry Cup» турнирлерінің бірі саналатын  бұл бәсекені кіші әлем чемпионаты деп те атайды.
Германияда төмендегі спортшылар ел намысын қорғайды деп күтілуде:
49 келі – Теміртас Жүсіпов (ҚЧ жеңімпазы, 2013)
52 келі – Ілияс Сүлейменов (ҚЧ финалисі, 2013)
60 келі – Берік Әбдірахманов (ӘЧ қола жүлдегері, 2013)
64 келі – Алмасбек Әлибеков (ҚЧ жеңімпазы, 2013)
69 келі - Данияр Елеусінов (Әлем чемпионы, 2013)
75 келі – Рустам Сыбаев (ҚЧ финалисі, 2013)
81 келі- Әділбек Ниязымбетов (ОИ мен ӘЧ финалисі)
 
Осы айда біздің елімізге де әлемнің 20 мемлекетінен былғары қолғап шеберлері келеді. Олар Павлодарда өтетін КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері, екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем Кубогінің екі мәрте иегері, 1980 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Серік Қонақбаевтың жүлдесі үшін өтетін турнирге қатысады. Аталған дода 13-17 мамыр аралығында болады. Құрметті қонақтар қатарында бокстан Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Валерий Рачков та бар. Ол турнирдің супервайзері қызметін атқарады.
 
 
confederation.kz

Хабарламаларға жазылу