Павлодар облысында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

11.05.2014
Павлодар облысында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде
«Қазақавтожол» РМК Павлодар облыстық филиалында жол  жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
 
Бүгінгі күнге дейін 41560 шаршы метр жол жөнделді. Негізгі  жұмыстар «Қызылорда-Павлодар-Успенка»(РФ), «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолдарында жүргізілуде.
 
Жалпы, 2014 жылға 76400 шаршы метр жол жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.
 
Сондай-ақ, жол үстіндегі қауіпсіздік белгілерін жүргізу, жол шетіндегі қоршауларды жөндеу, белгі беретін бағаналарды орнату, жылдамдық көрсеткіш белгілерді орнату, жол бойындағы автотұрақтарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Хабарламаларға жазылу