Елбасы АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бёрнспен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бёрнспен кездесті

08.05.2014
Елбасы АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бёрнспен кездесті
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бёрнспен кездесті.
 
Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастың, соның ішінде сауда-экономика және инвестиция саласындағы байланыстардың негізгі бағыттары қарастырылды.
 
Бұдан бөлек, Қазақстанның  Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қатысты негізгі мәселелер талқыланды.
 
Тараптар Украина мен Ауғанстандағы жағдаймен қоса, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. 
 
Мемлекет басшысы Қазақстанның Құрама штаттармен екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамытуға әзір екенін айтты.
 
«Таяуда мен Гаагада АҚШ президентімен кездестім. Біз екі ел арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру мәселелерін, сондай-ақ, әлемде қалыптасып отырған ахуалды егжей-тегжейлі талқыладық. Оған қоса, бірлескен мәлімдеме қабылдадық. Екіжақты ынтымақтастықты бұдан әрі де жалғастыру қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.    
 
У.Бёрнс Мемлекет басшысына АҚШ президенті Барак Обаманың жылы лебізін жеткізіп, АҚШ-тың Қазақстанмен стратегиялық серіктестікке деген ұзақмерзімді айнымас ұстанымын атап өтті.
 
akorda.kz

Хабарламаларға жазылу