АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Қазақстанға іссапармен келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Қазақстанға іссапармен келді

11.04.2022

Орталық Азиядағы тұрақтылық пен өркендеуді ілгерілетуде Қазақстанның рөлі ерекше. Қазақстанға іссапармен келген АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зея осылай деді. Биыл екіжақты қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толды. Тараптар өзара байланысты одан әрі тереңдетуге ниетті. Мәртебелі мейман АҚШ тарапы «Жаңа Қазақстан» құруға бағытталған Президенттің саяси реформаларына қолдау танытуға ниетті екендігін жеткізді. Тараптар кездесуде адам құқықтары мен демократиялық реформалар тақырыбын талқыға салды. Одан өзге діни сенім, сөз бостандығы, жемқорлық, адам саудасы мәселелеріне де тоқталды.

Узра Зея, АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің саяси реформаларын қолдаймыз. Парламентті нығайту, партиялар сайлауы сияқты біраз талап қойылды. Осы реформаның арқасында Қазақстан үлкен прогреске қол жеткізеді деп сенеміз. Бұл бастамалар жүзеге асса, ол Қазақстанның барша қазақстандықтар үшін әділ әрі инклюзивті орынға айналуына көмектеседі.

Раушан Сайлау

Хабарламаларға жазылу