Отандық қаламгер Қанат Омар «Новеллазия» байқауының жеңімпазы атанды. Доданың қазылар алқасының төрағасы Александр Улько мен барлық Орталық Азиядағы кеңесшілердің сараптауынан кейін 5 шығарма үздік деп танылған.
Енді сайыс жеңімпаздарының шығармалары орыс және ағылшын тілдеріне аударылып, екі тілді новеллалар блогы ретінде, ал содан кейін иллюстрациялы кітап ретінде жарық көрмек.
Байқауға Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстанқаламгерлері қатысқан.