Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмі АҚШ-та өткен кинофестивальде марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмі АҚШ-та өткен кинофестивальде марапатталды

02.05.2014
Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмі АҚШ-та өткен кинофестивальде марапатталды
АҚШ-тың Нэшвилле қаласында 17-26 сәуір аралығында өткен халықаралық 45-ші «Үздік фильм» кинофестивалінде Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмі «Ерекше есте қалған туынды» марапатын жеңіп алды, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты. 
 
Жарыс қорытындысы бойынша, мексикалық режиссер Фернандо Эймбкенің «Құлпынай сэндвич» картинасы үздік фильм деп танылды. АҚШ-тың ең тарихи кинофестивалдерінің бірі саналатын Нэшвилле қаласында өткен бұл халықаралық конкурс алғаш рет 1969 жылы өткізілгенін айта кету керек.
 
Жыл сайын бұл сайыста 40 мемлекеттің 200-ге жуық туындысы бақ сынайды.   
 
«Бауыр» фильмі әлемдік премьерасын 70-ші Венециялық кинофестивалінде өткізді. Венециялық кинофестивалден кейін дереу ІХ Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысып, екі бірдей, яғни үздік режиссерлігі үшін және НЕТПАК сыйлығын жеңіп алған еді. 

Хабарламаларға жазылу