Қазақстандық екі фильм Лондонда өткен кинофестивальде марапаттарға ие болды
Лондонда өткен үшінші халықаралық Еуразиялық кинофестивальде қазақстандық авторлар «Ең үздік киносценарий» және «Ең үздік анимациялық фильм» аталымдары бойынша жеңімпаз атанды. Мақсұт және Мансұр Сәрсембаевтардың қысқа метражды фильмге арнап жазған «Бұзылған болашақ» атты киносценариі, сонымен қатар Ділшат Рахматуллиннің «Cұр қаз» Аққулар» атты анимациалық фильмі 60 қатысушының арасынан топ жарып шықты. Карантиндік шектеулерге байланысты жеңімпаздар марапаттау рәсіміне қатыса алмады. Еуразиялық кинофестиваль 2019-жылдан бері лондондық Ромфорд кино фестивалімен бірге ұйымдастырылып келеді. Негізінен ол Орталық Азия және ТМД елдері авторларының еңбектерін Еуропа көрермендеріне ұсынатын жалғыз британиялық шара.
Майкл Дэниел Сагатис, қазылар алқасының мүшесі:
Саламатсыз ба? Мен Қазақстанды жақсы көремін. Мен Қазақстанды өте қатты жақсы көремін. Мен Қазақстанда өмір сүрдім, саяхаттадым, жұмыс істедім. Еуразияның бірнеше мемлекетінен фильмдер қатысып жатыр. Бірақ Қазақстаннан келген көркем дүниелерге деген сүйіспеншілігім өте ерекше болды.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаһан жаңалықтарына шолу
10.06.2026, 20:52
Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
10.06.2026, 20:50
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
10.06.2026, 20:47
Таза көшелерде маңдай тердің табы бар
10.06.2026, 20:46
3 жылда Бибісара Асаубаеваға 700 млн теңге қолдау көрсетілген
10.06.2026, 20:44
Ертең футболдан Әлем чемпионаты басталады
10.06.2026, 20:42
«Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы бекітілді
10.06.2026, 20:14
Ескі үйлер арзандап, жаңасы қымбаттады
10.06.2026, 20:12