Бүгін – Қанымбек Қасымбековтің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Қанымбек Қасымбековтің туған күні

04.02.2015
Бүгін – Қанымбек Қасымбековтің туған күні

Қанымбек Қасымбеков – 1973 жылдың 4 ақпанында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Шиен ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік киноматография институтын тәмамдаған ол еңбек жолын «Қазақфильм» киностудиясында бастайды.

1971 жылы толықметражды тұңғыш «Шоқ пен Шер» көркем фильмін түсіреді. Бұл фильм 1972 жылы Монте-Карлодағы халықаралық кинофестивальде «Ең үздік балалар фильмі» (1972) жүлдесін, сондай-ақ, 1973 жылы Ташкент қаласында өткен телевизиялық фильмдердің Бүкілодақтық кинофестивалінде КСРО кинематографистерінің жүлдесін алды.

1974 жылы «Шоқ пен Шердің» режиссері Ленин комсомолы сыйлығын алады. Оның «Қызыл отау», «Қоштасқым келмейді», «Ұш, тырнашым, ұш», «Соңғы түлкі», «Саған күшік керек пе?» атты көркем фильмдері бар.

Кино өнерінің шебері Қанымбек Қасымбеков оннан аса деректі және көркем фильм  түсірді. Режиссердің қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында түсірген «Жамбылдың балалық шағы» атты фильмі Стамбулда өткен түркітілдес мемлекеттер форумының ашылу салтанатында көрсетілген.

«Саған күшік керек пе?» фильмі «Шәкен жұлдыздары» байқауында «Балалар тақырыбындағы ең озық туынды», 2004 жылы Сочи қаласында өткен Халықаралық «Кинотаврик» балалар кинофестивалінде «Ең ізгі фильм» арнайы жүлдесін жеңіп алған.

Хабарламаларға жазылу