Қазақстан 8 жылда 183,7 миллиард доллар инвестиция тартты - Ерболат Досаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан 8 жылда 183,7 миллиард доллар инвестиция тартты - Ерболат Досаев

02.05.2014
Қазақстан 8 жылда 183,7 миллиард доллар инвестиция тартты - Ерболат Досаев
Қазақстан 8 жылда шамамен 183,7 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартты. Бұл туралы бүгін Азия даму банкі кеңесінің 47-ші отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.
 
«Инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған саясаттың арқасында 2005-2013 жылдардағы Қазақстан экономикасының тұрақты дамуының әсерінен біздің елге шамамен 183,7 миллиард доллар инвестиция тартылды. Әлемнің жетекші консалтингтік компаниясы «Эрнст энд Янгтің» бағалауынша, инвестициялық тартымдылық жағынан Қазақстан Орталық Азияда бірінші, ТМД елдері ішінде екінші орында тұр», - деді министр.
 Оның айтуынша, бұл жетістіктердің барлығы тікелей Үкіметтің бірнеше бағыттағы іс-шараларының жемісі.
 
«Бірінші кезекте заңнамалық базаның сапасын айта кету керек. 10 жылдан бері Қазақстанда «Инвестициялар туралы» Заң инвесторлармен арадағы қарым-қатынасты тиімді реттеуге мүмкіндік берді. Халықаралық сарапшылардың пікірі бойынша, біздің заңнама өтпелі экономикасы бар елдердің ішінде ең үздік заңнамалардың бірі», деп атап өтті Е.Досаев.
 
ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу