Елбасының Мәскеудегі дәрісі жаңа идеяларға жол ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасының Мәскеудегі дәрісі жаңа идеяларға жол ашты

30.04.2014
Елбасының Мәскеудегі дәрісі жаңа идеяларға жол ашты
Елбасының Мәскеу мемемлекеттiк университетiнiң Қазақстандағы филиалы үшiн жаңа оқу корпусын салу туралы тапсырмасын университет ұжымы қуанышпен қабылдады. Бұл оқу орнының ғылыми әлеуетiн арттыруға сеп болады.
 
Бұл туралы Ломоносов атындағы мәскеу мемлекеттiк университетiнiң Қазақстандағы филиалы директорының орынбасары Сабина Аязбекова хабарлады.
 
Елбасы өз дәрісінде университеттің Қазақстандағы филиалының ғимаратын салу үшiн Ақорда маңынан жер бөлiп беру туралы айтқан болатын.
 
«Университет ұжымы жақын арада құрылыс жұмыстары басталады деп үміттеніп отыр», деді Сабина Аязбекова.
 
Оның сөзінше, бұл - оқу орнының базасын айтарлықтай жетілдіретін маңызды шешім.
 
Айта кету керек, қазірдің өзінде Ресейден жылына 160 ғылым докторы мен кандидаты келедi. Университет түлектерiнiң 97 пайызы Қазақстанда жұмыс iстейді.
 
Сабина Аязбекова М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттiк университетiнiң Қазақстандағы филиалы директорының орынбасары:
 Еуразиялық экономикалық одақ құрылу нтижесінде ғылым, бiлiм, мәдениет саласы дами түседі деп ойлаймын. Мысалы, Мәскеу мемлекеттiк университетiнде 40 мың студент бiлiм алса, 10 мың оқытушы мен ғылыми қызметкер жұмыс істейді. Оның 8 мыңы - ғылым докторы мен кандидаты, Нобель сыйлығының 18 иегерi бар. Бұл көрсеткiш университет әлеуетiнiң зор екендiгiн көрсетедi. Сол үшін екiжақты байланысты дамытудың маңызы зор.  
 
Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу