Талдықорғанда «Patriot Qazaqstan» жеңімпазы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Patriot Qazaqstan» жеңімпазы анықталды

04.12.2017

Талдықорғанда тұңғыш рет «Patriot Qazaqstan» реалити-шоуы ұйымдастырылып, оның жеңімпазы Америка Құрама Штаттарына жолдама алды. Елбасының «Рухани жаңғыру-Болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы аясында өткен бокс бәсекесіне 16 спортшы қатысты. Ақтық додада ұпай санымен Мирас Ертанов жеңіске жетті. Жоба жеңімпазы Лас-Вегас қаласындағы Фредди Роучтың бокс залына барып, атақты боксшылар мен жаттықтырушылардан тәлім-тәрбие алатын болды. Ел аумағында алғаш ұйымдастырылған бәсеке ауыл жастарының үлкен рингке шығуына мүмкіндік берді. Арман-мақсаттарының орындалуына жол ашты.  

Рустам Алпысбаев, облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы:

- Салауатты өмір салтын насихаттай алатын жастарды, қарапайым ауылдың азаматтарын сол жаққа жіберіп отырмыз. Соның үздігі жаңа ғана анықталды. Қаратал ауданының тумасы. Бұл жоба ары қарай жалғасады деген ойдамыз.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу