Елбасы Еуразиялық интеграция күнін жариялауды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Еуразиялық интеграция күнін жариялауды ұсынды

28.04.2014
Елбасы Еуразиялық интеграция күнін жариялауды ұсынды
Бүгін М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграцияның жаңа перспективалары тақырыбындағы дәрісі барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық интеграция күнін жариялауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
«Астанада Еуразиялық экономикалық одақты құру бойынша келісімге қол қою күнін Еуразиялық интеграция күні деп жариялауды ұсынамын. Біздің жоспарымыз бойынша бұл қол қою рәсімі биылғы жылғы мамырдың аяғында өтуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы ХХІ ғасыр гүлденген ұлы Еуразияның жүз жылдығы болатынына сенім артты. 

«Біздің мемлекеттер барлық осы оқиғалардың орталығы болады», - деп түйді Елбасы.

Хабарламаларға жазылу