Премьер-Министр Асқар Мамин Қырғызстанда өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

09.08.2019

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты. Басқосуға Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстанның үкімет басшылары жиналды. Ең алдымен делегация жетекшілері Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті. Негізгі отырыс барысында қатысушылар интеграциялық үдерістерді одан әрі дамыту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ішкі нарықтағы кедергілерді жою бойынша күн тәртібіндегі 15 мәселені қарады. Тараптар Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығы мен Еуразиялық Экономикалық Одақ құру туралы шартқа қол қойылғанына 5 жыл толуын атап өтті. 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу