Елордада арбада отырып би билеуден чемпионат өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада арбада отырып би билеуден чемпионат өтеді

28.04.2014
Елордада арбада отырып би билеуден чемпионат өтеді

12-13 сәуір күндері Астанада Тәуелсіздік сарайында қазіргі заманғы және спорттық би билеуден IV Би олимпиадасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында арбада отырып би билеуден ҚР Чемпионаты өтеді. Бұл туралы astana.kz хабарлады.   Жарысқа Қазақстанның 5 өңірінің спортшылары қатысады: Астана қаласынан, ОҚО, Қарағанды, Жамбыл және Атырау облыстарынан. Жарыстың бас төрешісі - Халықаралық Паралимпиадалық комитеттің өкілі.   Айта кетейік, елордалық «Қайсар» спорт клубы арбамен билеуді дамытуды қолға алды. Аталмыш спорт түрінен халықаралық додалар да ұйымдастырылады. ҚР чемпионатына «Қайсар» СК тәрбиеленушісі, арбамен билеуден 2013 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ардақ Отарбаев қатысады.   Мекеменің хабарлауынша, Би олимпиадасы аясындағы жарыс бір уақытта екі залда өтеді. Бұдан басқа, Олимпиадаға Қазақстанның өңірлерінен барлық би бағыттары бойынша бишілер қатысады. Атап айтқанда, балет, халық, шығыс, бал және эстрадалық билер, степ, сальса, арбамен билеу және т.б.
 

Хабарламаларға жазылу