Елордада атақты Джордж Баланчиннің «Серенадасы» мен «Қайшылықтар» спектаклі қойылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада атақты Джордж Баланчиннің «Серенадасы» мен «Қайшылықтар» спектаклі қойылмақ

18.05.2017

Елордада атақты Джордж Баланчиннің «Серенадасы» мен «Қайшылықтар» спектаклі қойылмақ. Қос балеттің де ерекшелігі стилі мен ғажайып хореографиясында болмақ. Хореограф – бразилиялық Рубен Терранова. Премьера мамырдың 25-сі мен 26-сында өтеді. Оған 25 биші  4 аптадан бері күніне 4 сағаттан дайындалып жүр. Ал, қойылымда түстердің кереғарлығы, жарық пен көлеңкенің, қиял мен шындықтың музыкалық композициясы би арқылы көрсетілмек. Балет авторлары қойылым кезінде «көрермендер қиял-ғажайыптар әлеміне саяхаттайтынына кепілдік береміз,- дейді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу