WSB . «Астана Арландары» боксшыларының бесінші маусымындағы қарсыластары анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WSB . «Астана Арландары» боксшыларының бесінші маусымындағы қарсыластары анықтады

17.07.2014
WSB . «Астана Арландары» боксшыларының бесінші маусымындағы қарсыластары анықтады

16-шы шілде күні Стамбулда (Түркия) Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) 5-ші маусымының жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе бойынша, «Астана Арландары» «В» тобына түсті. Боксшыларымызға «Argentina Condors» (Аргентина), «Venezuela» (Венесуэла), «USA KnocKouts» (АҚШ), «Italia Thunder» (Италия), «Azerbaijan Baku Fires» (Әзірбайжан), «Poland Hussars» (Польша) командалары қарсылас атанды. Енді бір қарсылас кейінірек белгілі болады.

Ал, «А» тобында - «Cuba Domadores» (Куба), «Ukraine Otamans» (Украина), «Russia Boxing Team» (Ресей), «Germany Eagles» (Германия), «Algeria Desert Hawks» (Алжир), «Mexico Guerreros» (Мексика) және Марокко мен Қытай командалары бар.

Естеріңізге сала кетейік, 4-ші маусымның финалында «Cuba Domadores» боксшылары Әзірбайжанда жергілікті «Baku Fires» командасын ұтқан болатын.

Хабарламаларға жазылу